RU

Алматы мен Нұр-Сұлтанда өткен заңсыз митингілер кезінде 50-ден астам адам ұсталды

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы санкцияланбаған митингілер барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 53 адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, жекелеген азаматтар 22 ақпан күні Қазақстанның екі ірі қаласында санкцияланбаған митингілерге қатысқан. Нәтижесінде ішкі істер бөлімдеріне 53 адам жеткізілген.

Министр олардың кейбірі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін 43 азамат үйлеріне қайтарылған.

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасап, елімізде тыйым салынған ДВК ұйымы ұйымдастыратын митингке қатыспауға шақырған болатын.

Заңға сәйкес, азаматтар бейбіт шеру ұйымдастырғысы келсе, онда ең алдымен оны ұйымдастыруға рұқсат алуы керек.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ресми рұқсат алғанға дейінгі митинг орны мен уақытын жариялау әкімшілік жауапкершілікті көздейді деп еске салды бас прокуратурада.

Заңсыз акцияларға қатысқандар қомақты сомада айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842552-almaty-men-nr-sltanda-tken-zasyz-mitingiler-kezinde-50-den-astam-adam-staldy.html