RU

Пирамидаға қаржы салып, сан соққандардың ақшасы кері қайтарыла ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы пирамидаларын құруға қатысты тергеудің егжей-тегжейін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

пирамида

Көрнекі фото: NUR.KZ

Үкімет сағатында журналистер сауалына ІІМ Тергеу департаментінің басшысчы Санжар Әділов жауап берді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта "Ломбард 24", "Estate Ломбард" және "Выгодный займ" деп аталатын үш қаржы пирамидасына қатысты 22 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Әділовтың айтуынша, қазіргі таңда ЖШС-нің үш құрылтайшысы, сонымен қатар тағы 9 күдіктіге іздеу салынған. 13 адам қолға түскен.

Тергеу басталған соң ұсталғандардың зардап шегушілерге үлкен сомада материалдық шығын келтіргені мәлім болды. Алдын ала есептеу бойынша, аталмыш көрсеткіш 5 млрд теңгеден асады.

Маман зардап шегушілердің ақшасын қайтарып беру үшін ел билігі бар күшін салатынын атап өтті.

Тергеу органдарының қызметкерлері тергеудің қазіргі тұсында аатлған іске кінәлі болуы мүмкін адамдардың мүліктерін анықтап жатыр.

Әділовтың хабарлауынша, қазақстандықтардың бұзылған құқығын қалыпқа келтіріп, қаражатты қайтару - негізгі міндеттердің бірі.

Оның сөзіне сүйенсек, тергеумен қаржы мониторингі комитеті мен прокуратура айналысуда.

Еске сала кетейік, 22 ақпанда "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларының қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғандарын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пирамидаға қаржы салып, сан соққандардың ақшасы кері қайтарыла ма
Mailfire view pixel