RU

Елде ажырасу статисткасы жарияланды

Бүгінде республикада тіркелген әрбір төртінші неке ажырасып жатады.

Бұл туралы  Астанада басталған "Берік отбасы - қоғамның тірегі" атты республикалық конференцияда ҚР Парламент Мәжілісінің Мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитеттің төрайымы Динара Нүкетаева мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады.

"Бұл, әрине, халықтың аймақтағы менталитетіне тікелей байланысты", - дейді Динара Нүкетаева.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40 982-сі ажырасты. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда,  5 733-ке артық. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/184257-elde-azhyrasu-statistkasy-zhariyalandy.html