Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вирус тараған лайнердегі қазақстандықтар неліктен көпшілікпен бірге ұшып келді

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясы жолаушыларының бұған дейін Diamond Princess круизді лайнерінен эвакуацияланған қазақстандықтармен бірге бір ұшақпен тасымалдануының себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Комитет төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, коронавирус тараған Diamond Princess лайнерінде болған қазақстандықтар жалпыға ортақ белгіленген тәртіппен аталған рейске билет алған. Әуе компаниясы аталған жолаушылардың вирус тараған кемеден келгені жайында хабарсыз болған.

Ластаевтың сөзіне қарағанда, кемеде болған жолаушылар ұшаққа отырмай жатып, Жапонияда карантиннен өткен.

Ол SCAT әуе компаниясының бұл жолаушыларға қызмет көрсетуден бас тартуға негізі болмағанын баса айтты.

Сондай-ақ комитет төрағасының айтуынша, әуе компаниясы жолаушыларды карантинге жатқызу қажеттілігі туралы Қазақстан әуежайынан ұшар кезде бір-ақ білген.

Бұдан бөлек, Ластаев коронавирус қаупі туындаған елдер тізімінің кеңейтілуіне қатысты пікір білдірді – ол елдерден келген азаматтар міндетті түрде карантинге жатқызылады.

Ол нақты қай елдер туралы мәселе қозғалғанын атамай, қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тек "бүгінде Оңтүстік Кореяда аурудың өршіп тұрғанын, Жапонияда белсенділік байқалатынын және Иран бойынша сұрақтар бар екенін" атап өтті.

Комитет төрағасы бұндай өңірлерге рейстер мен әуе байланыстарына шектеу қойылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін SCAT әуе компаниясы жолаушыларының вирус тараған лайнердегі қазақстандықтармен бірге ұшып келгенін жазған едік. Кейін денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз жағдай үшін Scat әуекомпаниясының жолаушыларынан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842571-virus-taragan-lajnerdegi-kazakstandyktar-nelikten-kpsilikpen-birge-syp-keldi/

pixel