RU

Түсінулеріңізді сұраймын: Біртанов коронавирусқа қатысты өтініш айтты

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтардың COVID-19 таралуының алдын алатын профилактикалық шараларды неге сақтау керегін, сондай-ақ Зайсандағы оқиғада тұрғындардың әрекетіне неліктен қынжылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Елжан Біртанов карантинге жатқызылғандардың науқас емес екенін тағы да бір рет еске салды. Қытайц азаматтары карантинде болған Зайсандағы оқиғаға қатысты қазақстандықтардың реакциясы министрге әлі де түсініксіз.

"Осындай фактілер мені қыжылтады, әрине. Бұл қауіпсіздік шаралары", - деді Біртанов.

Сонымен бірге, министр 20-нан бастап жаңа ауруға шалдыққандар бар аймақтардан келген азаматтарды оқшаулануды, соның ішінде отбасы мүшелерінен, достары мен әріптестерінен оқшаулануды ұсынатынын еске салды.

Ведомство басшысының сөзінше, мұндай қауіпсіздік шаралары тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қолданылады. Оның ойынша, ауру өте тез жұғатындықтан, осындай шаралар қажет.

Біртанов қазақстандықтарды байбалам салмауға шақырғанымен. ДДСҰ-ның вирустың бүкіл әлемге таралу қаупі барын айтып, елдердің пандемияға дайындалу керек деген сөзін атап өтті.

Осыған байланысты ол ел тұрғындарын дәрігерлердің талаптарын орындап, санитарлық дәрігердің кеңесіне жүгінуге шақырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі заңға сәйкес бәрін жасауда. Бас санитарлық дәрігердің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы құқығы барын түсінулеріңізді, аталған жағдайда азаматарға барынша көмек көрсетулеріңізді сұраймын", - деді Біртанов.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Зайсанда коронавируспен ауыратындар жоқ екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842592-tsinuleriizdi-srajmyn-birtanov-koronaviruska-katysty-tinis-ajtty.html