Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Журналист, жазушы": Айқын Төлепбергеннің әкесі туралы не білеміз

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген көптеген әндерінің мәтінін өз әкесі жазғанын айтты. Сөзін әкесі жазған өлеңдер қатарына "Туған жер", "Асылым" және "Ерке қыз" секілді туындылары жатады. Аталмыш әндердің әрқайсысы өз алдына хит болып кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Белгілі болғандай, Нұртан Төлепберген жұлдызды ұлының шығармашылығына елеулі септігін тигізген.

Әншінің әкесі оның әндері хит болып, халық арасында кең танымал болуына орасан зор үлес қосыпты. Ол бүгінде көпшілік сүйіп тыңдайтын "Асылым" , "Туған жер" және "Ерке қыз" атты өлеңдердің сөзін өзі жазып шыққан.

Алайда Айқын әкесі жазған әндердің барлығы өзіне ұнай бермейтінін айтты. Ол өзінің шығармашылығына үйлеспейтін өлеңдерді орындамайтынын алға тарты.

"Кейбір әндердің сөзінде ауылда өскен кезеңдер жайлы, ал мен қалада өскенмін. Кейбір өлеңдері керемет сөзсіз. Мен әкеме бағыт берсем, жақсы жазады. Қандай дүние шығу керектігін өз ойымша түсіндірсем, дәл қалағанымдай етіп жазады" , - деді Айқын.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген екінші жары Жұлдыз Өмірғалимен тұратын үш бөлмелі пәтерін көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842598-zurnalist-zazusy-ajkyn-tlepbergenni-kesi-turaly-ne-bilemiz/

pixel