RU

Қордайдағы қақтығыс: ІІМ өкілі қанша адам қамауға алынғанын айтудан бас тартты

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: Ішкі істер министрлігі
Видеодан кадрлар: Ішкі істер министрлігі: Depositphotos

Бұған дейін Қордайдағы қақтығыстан кейін 90 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

"Қазіргі уақытта адам өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жүргізіп жатқан ведомствоаралық тергеу-жедел тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің алдын ала қорытындысын, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған, қамауға алынған адамдардың санын айта алмаймын", - деді Әділов.

Ол қамауда отырғандардың және күдікке ілінгендердің бар екенін растады. Тергеу Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басқаруымен жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842602-kordajdagy-kaktygys-iim-kili-kansa-adam-kamauga-alynganyn-ajtudan-bas-tartty.html