Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа партия құрылды

Опубликовано:

Қазақстанда "Көше партиясы" деген қозғалыс құрылды. Бұл жөнінде қоз­ғалыстың Нұр-Сұлтан қаласындағы белсенділері мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Замана басылымына сілтеме жасап.

Фото: Замана
Фото: Замана: Instagram

Ұйым мүшелерінің пікірінше, қозғалыс ресми түрде тіркелмейді. Олардың сөзінше, бұл еліміздің Конституциясы мен саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт шеңберіндегі ашық әрі жария әрекет ететін тәуелсіз бейбіт қозғалыс.

Сонымен қатар партияны ешкім қаржыландырмайтыны белгілі болды.

Ұйым белсенділері елімізде билік өзгеріп, халықтың қолына көшкенін, парламенттік басқару жүйесі орныққанын қалайтындарын жеткізді.

Олар аталған қозғалыстың саяси, әлеу­меттік-экономикалық бағдарламасы жазылған парақшалар таратты.

Бұл бағдарламада 30 миллион теңгеге дейінгі ипотека мен несиелерді жабу, тегін медициналық қызмет көрсету мен білім беру, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын 400 мың теңгеге дейін көтеру, мүгедектер мен жұмыссыздар­ға арналған жәрдемақыны көбейту сияқты әлеуметтік мәселелер қамтылған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің маңына жиналған "Көше партиясының" белсенділері сондай-ақ саяси себеппен қамауда отырған азаматтарға бостандық беруді талап етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиеваның ХАҚ партиясын құруды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842603-elimizde-zaa-partia-kryldy/

pixel