RU

Елордадағы тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изолторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елордадағы тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

Дулат Ағаділ. Фото: Ғacebook / Дулат Агадил

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, сотқа құрметсіздік танытып, сот отырысына қатысушылар мен судьяларды балағаттағаны үшін Дулат Ағаділге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Департамент ақпаратына сәйкес, осы жылдың қаңтарында ол сырттай кінәлі деп танылып, оған ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

Алайда соттың тергеу шараларына келмеуіне және жалтаруына байланысты бұлтартпау шарасы қамауға алуға өзгертілген.

24 ақпанда, шамамен сағат 21:00-де Ағаділді үйінде тұтқынға алып, тергеу изоляторына жеткізген.

"Ол кіргізілген тергеу изоляторының камерасында одан бөлек тағы төрт адам болды. Олар азамат Ағаділге қатысты күш қолдану фактісі болмағанын айтып, түсінік берді. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол ұстау кезінде мас күйде болған.
Келген медициналық жедел жәрдем бригадасы өлімді анықтаған. Өлімнің алдын ала себебі "Жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі". Марқұмның денесінде қандай да бір дене жарақаттары жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ведомство.

Айта кетсек, 42 жастағы Дулат Ағаділ әлеуметтік мәселелерді көтеріп, азаматтардың құқығы мен бостандығының сақталуына атсалысқан қоғам белсендісі болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда тергеу изоляторынан тұтқынның денесі табылғаны хабарланған.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі камерадағы азаматтар арасында жанжал шығып, оның соңы өліммен аяқталғанын мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордадағы тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды
Mailfire view pixel