Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден өтті

Опубликовано:

Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың талантты боксшысы марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/samat_azimkulov
Фото: Instagram/samat_azimkulov: Instagram

Суыт жайлы хабар Instagram желісіндегі kazakhboxing парақшасында жарияланды.

"Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан ағамыз өмірден озды. Жаны жəннатта болсын!", - делінген хабарламада.

Sputnik Қазақстанның Түркістан облысының спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, Сейілхан Саттарханов бүгін, 25 ақпанда дүниеден өткен. Ертең Түркістан қаласында 15.00-де жаназасы шығарылады.

Айта кетейік, Сейілхан Саттарханов жары Сырлыкүлмен 4 бала тәрбиелеп өсірген. Балаларының барлығы да кішкентай кезінен спортқа жақын болған.

Алайда олардың арасында Бекзат спортта үлкен жетістікке жетіп, небары 20 жасында Олимпиада шыңын бағындырды. Боксшы Сиднейде 57 келіге дейін салмақта өнер көрсетті.

Саттарханов мансабында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.

Жасындай жарқылдаған қазақтың дара ұлы 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан көз жұмды.

NUR.KZ редакциясы Сейілхан Саттарханов отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Фото: Instagram/samat_azimkulov
Фото: Instagram/samat_azimkulov: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842617-bekzat-sattarhanovty-kesi-mirden-tti/

pixel