RU

Қытайда әйел адамнан сегіз рет тест тапсырған соң ғана коронавирус анықталған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда коронавирусты анықтайтын сынаманы сегіз рет тапсырған әйел адамнан қауіпті инфекция табылып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

қытайда

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қытайдың Сычуань аймағында бұрын соңды болмаған жағдай тіркелді. Аймаққа қарасты Чунчин қаласында 56 жастағы әйел адам қонақ үйлердің бірінде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген.

Қонақ үйдің бір қызметкерінен қауіпті коронавирус анықталған соң басшылық оны тексеруге жіберген.

Екінші ақпанда азаматша карантинге жатқызылған. Ақпанның 7-23 аралығында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін оның тыныс алу жолдарынан сегіз рет сынамалар алынған.

Дегенмен барлығының нәтижесі теріс болып шыққан.

Алайда қаншама тест нәтижесіне қарамастан, өткен дүйсенбі күні әйел адамнан коронавирус анықталыпты. Оған диагноз зертханалық өлшеулер мен клиникалық белгілер негізінде қойылған.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, аспан асты жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 2663 адамға жетті. Бір тәуліктің ішінде 508 адам аталмыш инфекцияны жұқтырған.

Қазір Қытайда 77 658 адам коронавируспен күресуде. Бүгінге дейін 27 232 адам айығып, ауруханадан шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда әйел адамнан сегіз рет тест тапсырған соң ғана коронавирус анықталған
Mailfire view pixel