Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Масқара бола жаздадық": Бала күтушімен ойнас болған отбасылы адам жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Отбасылы адам үйіндегі бала күтушісімен ойнас болып жүргенін сөз етті. Айтуынша, ол тұрмыстағы келіншекпен әйелі жұмыста болған кезде қосылып жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ Алаш айнасы басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Кейіпкердің сөзінше, жұбайы екеуі екі жасар баласына бала күтушісін жалдаған. Айтуынша, ұзақ іздестіргеннен кейін олар баласы жоқ отбасылы келіншекті жұмысқа алуға шешім қабылдапты.

"Отбасы бар. Үйленгендеріне көп болмаса керек-ті. Әзірге балалары жоқ. Ақшасына келістік. Таңертең біз жұмысқа кетерде келіп, біз келгенде үйіне қайтатын болды. Келіншек балаға епті екен. Бала бағады, біз келгенше үйді мұнтаздай етіп жинап қояды. Тіпті тамақты да әзірлеп қоятыны бар. Әйелім де, мен де ризамын.

Арада екі-үш ай өтті. Бірде тұмау тиіп, ауырып қалдым. Әйелім дәрілерімді даярлап беріп, жұмысқа кетті. "Нянька" қыз ас-суымды әзірлеп жүгіріп жүр. Диванда оранып жатырмын. Бұрын байқамаппын. Бала күтуші келіншек келісті-ақ екен.

"Басымды сәл уқалап берші" дегенмін. Бәлсінбеді. Басымды, желкемді уқалады. Жаным жай тапқандай болды. "Қолың қандай жұмсақ" деп қалжыңдап, өзіме жайлап тартқанмын. Ол басқаша ойлап қалды ма, білмедім: "сіз де маған ұнайсыз" деп құшағыма құлай кеткені. Күтуші келіншектен мұндай әрекетті күтпеп едім.
Кешке әйелім келді. "Нянька" келіншек түк болмағандай, тиселі ақшасын алып үйіне кетті. Жарыма қарауға бетім шыдамай, төсекте өтірік ыңыранып мен жатырмын. Ертеңінде де үйде сол жағдай қайталанды. Келіншек тартынбайды екен.
"Күйеуім төсекте әлсіз. Аптасына бір рет, болмаса ол да жоқ. Жұмыстан шаршап келдім деп, ұйықтап қалады. Оның жанында сіз жасыңыз біразға келсе де, қуатты екенсіз" деген құшағымда жатып", - дейді ер адам.

Кейіпкер бала күтушімен ойнас болып жүрген күндердің бірінде әйеліне ұсталып қала жаздағанын да айтады. Сөзінше, ер адам жарын жұмысқа апарып тастағаннан кейін көңілдесіне қайтып келген.

"Ваннаға кіріп кеткенмін. Үйге біреу кіргендей болды. Әйелім екен. Жартылай жалаңаш ваннадан шыққан маған күдіктене қарады.

"Жұмыста жиналыс болады екен. Баяндама жасаушы едім. Сол үшін үйге келіп, костюм-шалбар киіп, галстук тағып баруға келдім. Джинсимен елдің алдына шығу ұят қой" деп міңгірлеп жатырмын.

Әйелім үйде бір қажетті құжаттары қалып қалған соң келген екен. Маған бір, бала күтуші келіншекке бір түйіле қарап, үндеген жоқ. Бірақ әйелімнің көңілінде күдік қалған сияқты. Кейде "жұмысқа өзің кете бер, мен артынан барамын" дейтін болды. Бірақ ретін тауып, құмарымызды қандырып жүрміз", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үш жыл бала көтермеген әйеліне ренжіген азаматтың өзге қызды жүкті еткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842638-maskara-bola-zazdadyk-bala-ktusimen-ojnas-bolgan-otbasyly-adam-zan-syryn-aktardy/

pixel