RU

Коронавирусқа байланысты әйгілі Giorgio Armani-дің жаңа топтамасы көрерменсіз өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италияда Джорджио Армани сән үйінің жаңа топтамасының көрсетілімі көрермендерсіз өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 112.ua-ға сілтеме жасап.

армании

Фото: instagram.com/giorgioarmani

Италияның Милан қаласында өткен әлемдік бренд иесі Джорджио Арманидің жаңа топтамасын көрермендер өз көздерімен көре алмаған.

Елде коронавирус таралуына байланысты сәнгер шоуды қонақтарсыз өткізуге шешім қабылдаған. Сән үйі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Джорджио Армани қонақтардың қауіпсіздігі үшін осындай шешімге келген.

Armani өкілдерінің айтуынша, бос залда өткен шоудың тікелей трансляциясы сән үйінің сайты мен брендтің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіліпті.

Жабық залда өтсе де, Giorgio Armani шоуы өте жоғары деңгейде болған. Көрсетілімде 2020-2021 жылғы күз-қыс маусымына арналған әйелдер киімі таныстырылыпты.

Коллекцияға сәйкес, алдағы маусымда қара, сұр, ақшыл сары, алқызыл түстер сәнде болмақ.

Айта кетсек, коронавирус таралуының алдын алу үшін Джорджио Армани Италиядағы фабрикаларының жұмысын бір аптаға тоқтатқан. Сондай-ақ Миландағы кеңсесі де жабық тұр.

Еске сала кетсек, Италияда коронавирустың таралуына байланысты Миландағы әйгілі "Ла Скала" театры уақытша жабылып, Венециядағы карнавал да шұғыл түрде тоқтатылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусқа байланысты әйгілі Giorgio Armani-дің жаңа топтамасы көрерменсіз өтті
Mailfire view pixel