Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антарктидада қызыл түсті қар жауды (фото)

Опубликовано:

Мұзды материктегі "Академик Вернадский" деп аталатын украиналық станцияға қызыл түсті қар жауған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Антарктидада қызыл түсті қар жауды (фото)
Фото: facebook.com/UAMON: Twitter

Бұл ерекше құбылыс жайлы Украинаның Білім және ғылым министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, қар мұндай реңкті "Chlamydomonas nivalis" (Қарлы хламидомонад) микроскопиялық қар балдырларынан алады. Олардың споралары төмен температурадан қорықпайды және күн жылынған сәтте өсе бастайды. Айта кетейік, Антарктидада қазір жаз мезгілі.

Министрліктің хабарламасында мұндай құбылысты Арктика мен Альпіде, басқа да таулы эко жүйелерде кездестіруге болатыны айтылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласында қара түсті қар жауғаны хабарланды. Осыдан соң Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев әлеуметтік желідегі парақшасында қара түсті қарға қатысты пікір білдірді. Ол арнайы тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады деп уәде берген еді.

Сондай-ақ, облыс басшысы Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесу барысында Теміртаудағы ластанудың 80%-ы металлургия комбинатынан шығатынын, қаладағы ахуалға өзінің де ашулы екенін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842657-antarktidada-kyzyl-tsti-kar-zaudy-foto/

pixel