Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

61 көлік, 11 пәтер: Тараз тұрғындары "Гарант 24" ломбардына қандай мүліктерін салған

Опубликовано:

Бүгін полицейлер "Гарант 24" ломбардына өз ақшасын, көліктерін және үйлерін салып зардап шеккен Тараз тұрғындары туралы алдын ала деректерді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Полиция 657 адамның бөлімшеге келіп, арыз түсіргенін хабарлады.

Олардың барлығы "Гарант 24"-ке ақшаларын салған. Кейбір салымшылар ломбардқа көліктерін, үйі мен пәтерлерін берген.

Алдын ала есептеуге сәйкес, салымшыларға 700 миллион теңге көлеміндей зардап келген. Арыздың ішінде 61 көлік пен 11 пәтер және екі үйдің ұйымға берілгені айтылған.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы филиал директорының ұсталғаны белгілі болды.

"Сот оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп нақтылады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Сондай-ақ, бұған дейін БАҚ-та Атыраудағы Home Avto Invest ломбардының директоры кепілге алынды деген ақпарат пайда болды. Алайда, кейіннен ломбрад меңгерушісі видеоүндеу жолдап, бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842660-61-klik-11-pter-taraz-trgyndary-garant-24-lombardyna-kandaj-mlikterin-salgan-foto/

pixel