Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тальгодағы" зорлау ісіне нүкте қойылды

Опубликовано:

Жолаушыны зорлады деп айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызының бұрынғы екі жолсерігіне қатысты сот үкімі күшіне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тальгодағы" зорлау ісіне нүкте қойылды
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Ақтөбеде Нұр-Сұлтаннан үйге келе жатқан қызды қорлады деп айыпталған бұрынғы теміржолшыларға қатысты іс екі рет сотта қаралды.

Әуелде Жетес Үмбетәлиев пен Қолғанат Құрманиязов кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Алайда кейіннен бұл үкім жойылып, іс қосымша тергеуге жіберілді.

Екінші рет өткен жылдың желтоқсан айында бұрынғы екі жолсерік алдын ала сөз байласып, зорлық іс-әрекетіне барғаны үшін 5 жылға сотталған. Алайда олар бұл үкіммен келіспей, оған қарсылық білдіруге тырысып, сотталған екі азаматтың адвокаттары апелляцияға берген болатын.

25 ақпанда қорғаушылардың арызын Қостанайдағы сот алқасы қарап, бұл үкімді заңды әрі дәлелді деп тапқан.

Облыстық сотта Үмбетәлиевтың купені бөгде адамдардан босатып, қылмысты жасауға қолайлы жағдай жасап, орынды алдын ала таңдағаны атап өтілді. Ол зардап шегушіні алдымен өзі, сосын әріптесі қорлаған.

"Үмбеталиев пен Құрманиязовтың берген жауабында жәбірленушінің жыныстық қатынасқа ерікті түрде түскені айтылған. Алайда бұл куәгердің сөзімен жоққа шығарылды. Ол соңғы вагоннан айқай мен шуды естіген. Жолсеріктерге жаза істің барлық мән-жайларын ескере отырып, баптың санкциясы шегінде тағайындалды", - деп атап өтілді сотта.

Осыдан кейін үкім заңды күшіне енеді. Мұндай жаңалықпен қоғамдық белсенді Дина Таңсәрі бөлісті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842674-talgodagy-zorlau-isine-nkte-kojyldy/

pixel