RU

Дулат Ағаділдің ісін тергеумен Бас прокуратураның өзі айналыспақ

Нұр-Сұлтан полиция департаментінде белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты жедел брифинг ұйымдастырылды. Ол жерде тергеуді Бас прокуратураның өзі жүргізетіні белгілі болды. Ал марқұм азаматқа азаптау және зорлық-зомбылық іс-әрекеттері жасалды ма, әлде жоқ па ол жағын сараптама анықтайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сараптама астаналық белсендінің неден қайтыс болғанын анықтайды
Фото: rus.azattyq.org: UGC

Белсендінің өліміне қатысты Бас прокуратура қылмыстық істі бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Бас прокурор барлық жағдайларды зерттеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында азамат Д. Ағаділдің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі қалалық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасына тапсырды", - деп мәлімделді ведомствода.

Брифингке қатысқан адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, іске азаматтық қоғамның қатысушылары жіберіледі. Олар қазірдің өзінде изолятордағы жазбаларды зерттеумен айналысуда.

Әзімованың хабарлауынша, ол да изоляторда болып, белсенді азаматпен бірге бір камерада жатқан адамдармен сөйлескен.

Қоғам белсендісі Орынбасар Күлжібаева видеожазбаларды көруге рұқсат алған. Ол ұсталған азаматтың изоляторға қалай жеткізілгенін бақылаған. Күлжібаева белсендінің түрі бозарып тұрғанын байқағанын атап өтті. Оның пайымынша, марқұм ауырып тұрған.

"Бейнебақылау камераларының жазбасын қарап жатқан кезде мен оны біреудің итеріп, азаптағанын байқамадым. Оны адам сияқты (изоляторға) алып келген", - деді қоғам белсендісі.

Медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған сәтте ер адам орта деңгейде мас болған. Камералар оның бөлмеде еркін қозғалып жүре алғанын көрсетті. Ол дәретханаға барып келгеннен кейін өзін нашар сезіне бастаған, оны сол жерден алып шығуға тура келген.

Ал жедел жәрдем 20 минуттан кейін келген. Алайда медициналық қызметкерлер тек ер адамның көз жұмғанын анықтаған.

Қоғам белсендісінің сөзінше, дәрігерлер келгенге дейін ұсталған азаматқа офицерлер алғашқы көмек көрсетпек болған.

Естеріңізге сала кетейік, Дулат Ағаділдің өлімі туралы бүгін, 25 ақпан күні белгілі болды. Ер адам Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842683-saraptama-astanalyk-belsendini-neden-kajtys-bolganyn-anyktajdy.html