RU

Иранда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчидің коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Иран министрінің орынбасары коровирус жұқтырды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Бұл туралы ведомство басшысының кеңесшісі Али Реза Вахабзаде мәлімдеді.

"Соңғы күндері коронавируспен күресіп жүрген Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары дәрігер Харирчидің коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті", - деп жазды Вахабзада Twitter парақшасында.

Басылымның мәліметінше, жуырда Харирчи мен Иран үкіметінің өкілі Али Рабияның қатысуымен болған баспасөз конференциясы кезінде дәрігер бірнеше рет жөтелген.

Ал ИРНА басылымының ақпарынша, Харирчи өзінің коронавируспен жұқтырғанын растаған.

"Өзімнен коронавирустың анықталғанын хабарлағым келеді. Кешелі бері қызуым көтерілді. Алғашқы сараптама оң нәтиже көрсетті", - деп хабарлады ол.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 2663 адамға жеткен. Бір тәуліктің ішінде 508 адам аталмыш инфекцияны жұқтырған.

Қазір Қытайда 77 658 адам коронавируспен күресуде. Бүгінге дейін 27 232 адам айығып, ауруханадан шыққан.

Сонымен қатар қытайлық тұрғынның коронавирусты анықтайтын сынаманы сегіз рет тапсырғаннан кейін ғана қауіпті инфекциямен ауыратынын анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды
Mailfire view pixel