RU

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Күдіктілер мен қамауға алынғандар саны қанша

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық істің саны артты. Ішкі істер минстрлігі тергеуді қазір 120-дан аса іс бойынша жүргізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Телеарнаның дерегінше, 120-дан астам істің 11-і адам өліміне қатысты.

Одан бөлек, жаппай тәртіпсіздіктен кейін күдікке іліккендердің және қамауға алынғандардың бар екені расталды. Алайда олардың нақты саны әлі айтылмауда.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Күдіктілер мен қамауға алынғандар саны қанша
Mailfire view pixel