RU

Қызылордада кәсіпкер жоғалып кетті: Қылмыстық іс қозғалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада жиһаз компаниясының иесі Тынымбай Баженовтен 15 ақпаннан бері хабар жоқ. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстық прокуратураның мәліметінше, кәсіпкерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

"24 ақпан күні облыстық прокуратура және полиция департаменті басшыларымен осы мәселеге байланысты арнайы жиналыс өткізілді. Баженовтың із-түссіз кетуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес іс қозғалды. Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - деді ведомство.

Қылмыстық іс облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер басқармасы басшыларының қатаң бақылауында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қызылордада танымал кәсіпкердің із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Туыстарының айтуынша, ер адам ешқашан үйден ұялы телефонынсыз шықпаған және күнделікті бір жолмен ғана жүрген. Алайда ол жоғалар күні смартфонын да, құжаттары мен ақшасын да алмапты.

Жақыны Елтай Шілдебаевтың сөзінше, осы жолы кәсіпкер өзімен ешнәрсе алмай шыққан. Зейнеткердің туыстары ер адамның қайда екенін білген адамға сыйақы беруге дайын.

Тынымбай Баженовтың отбасы оның денсаулығы мен бизнесінде мәселелер болмағанын айтты. Оған ешқандай қоқан-лоққы жасалмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада кәсіпкер жоғалып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Mailfire view pixel