Ақтөбе облысында “Қарабұтақ–Қостанай” тас жолында адам шығынымен аяқталған жол апаты орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 13: 00-де Өлке кенті ауданындағы “Қарабұтақ-Қостанай” тас жолында жол-көлік апаты салдарынан 4 адам қаза тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, армян есебіндегі “Honda” жол талғамайтын көлігі қарсы келе жатқан жолаққа шығып, Алматы облысының 52 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Volvo” жүк көлігімен соқтығысқан.
Соның салдарынан “Honda” көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Ведомство дерегінше, қаза тапқандардың Тәжікістан азаматтары екендігі анықталған.
Осыған байланысты, полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтау керектігін ескертеді.
Еске сала кетсек, 23 ақпан күні Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алып, соның салдарынан төрт адам көз жұмған болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842709-aktbe-oblysyndagy-zantrsigerlik-zol-apatynan-trt-setel-azamaty-kaza-tapty.html