RU

Қытайда шамамен 200 адам коронавирусты қайта жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Ухань қаласында 195 тұрғын COVID-19 коронавирусын қайта жұқтырған. Аурудан айыққан азаматтарда қатерлі пневмонияның неге қайта пайда болғаны белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Anthony Kwan/Getty Images

Фото: Anthony Kwan/Getty Images

Коронавирусты қайта жұқтырғандар жайлы ҚХР гигиена мен денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасаған Вести.Ru хабарлады.

The South China Morning Post басылымының ақпарынша, осыған байланысты билік коронавирус ошағы-Ухань қаласында аурудан айыққандардың барлығын қосымша екі апталық карантинге жіберуді шешкен.

Ал әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстайтын онлайн-дайджестегі соңғы мәліметке сәйкес, 26 ақпан күні COVID-19 вирусы дүние жүзі бойынша 80,4 мың адамда тіркелген.

Дерт салдарынан 2,7 мың адам қайтыс болған.

Айта кетейік, бүгінде ауруды жеңгендер қатары айтарлықтай өсіп келеді. Нақтырақ айтқанда, коронавирустан жазылғандар саны 27,8 мың адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, 25 ақпанда Иран денсаулық сақтау вице-министрі коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұны дәрігер Ирадж Харирчидің өзі де растаған.

Ал күні кеше Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов президентке елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда шамамен 200 адам коронавирусты қайта жұқтырған
Mailfire view pixel