Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирус тараған бірқатар елмен әуе қатынасын уақытша шектеуі мүмкін

Опубликовано:

Азаматтық авиация комитетінің басшысы еліміз коронавирус тараған бірқатар елмен әуе қатынасын уақытша шектеу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Фото: krivosheev.live
Фото: krivosheev.live: Depositphotos

Талғат Ластаевтың айтуынша, науқастар саны оннан асқан мемлекеттер ұшуға тыйым салынатын тізімге кіреді.

"Қазір бірінші санатқа жататын мемлекеттерге әуе рейстерін шектеу жайы қарастырылып жатыр. Бұл тізімге Оңтүстік Корея, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Иран және Италия кіруі тиіс. Бірақ нақты тізімді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Осы мәселе бойынша мамандар талдау жүргізіп жатыр", - дейді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Қытайдан кейін коронавирус Оңтүстік Кореяда өршіп барады. Бұл елде дертке шалдыққандар саны артып, 977 адамға жеткен. Сондықтан спорттық федерациялар халықаралық жарыстарды кейінге қалдырып отыр.

Жұқпалы дерттің салдарынан Милан қаласында өтетін Еуропа лигасының "Интер" мен "Лудогорец" арасындағы ойыны да жанкүйерсіз өтпек.

Өйткені Италияда қауіпті аурудан жеті адам көз жұмып, жалпы жұқтырғандардың саны 200-ден асқан.

Тіпті, вирус анықталған Италияның солтүстік аймағында мектеп, университет, музей, мейрамхана мен кинотеатрлар уақытша жабылды.

Ал 25 ақпанда коронавирус тараған жапондық Diamond Princess круиздік лайнерінің төртінші жолаушысы көз жұмғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Diamond Princess кемесінде болған төрт отандасымыз елге рейстік ұшақпен жеткізілген болатын. Олар Токиодан Нұр-Сұлтанға өзге жолаушылармен бірге ұшып келген. Оны ешкімге ескертпепті.

Енді сол 4 туриспен бір ұшақта болған 16 адам да карантинге жатуға мәжбүр. Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты пікір білдіріп, азаматтардан кешірім сұрады.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда шамамен 200 адам коронавирусты қайта жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842725-kazakstan-koronavirus-taragan-birkatar-elmen-ue-katynasyn-uakytsa-sekteui-mmkin/

pixel