RU

"Азиялықтардан қорқады": Қырғызстандық ару коронавирус өршіген Италиядағы өмірі жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстандық Айчурок Сейитбекова бүгінде Италияда магистратурада білім алады. Бойжеткеннің сөзінше, елде коронавирус тарағаннан кейін италиялықтар өзінен теріс айнала бастаған. Жергілікті халық, тіпті, азиаттардан қатты үрейленіп қалыпты. Бойжеткеннің қауіпті вирус өршіген мемлекеттегі өмірі туралы KAZ.NUR.KZ "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап баяндайды.

Видеодан кадр: "Настоящее время" басылымы

Видеодан кадр: "Настоящее время" басылымы

"Білесіздер ме, бұл күлкілі емес. Қалжыңға мүлде ұқсамайды. Адамдар сені көргенде бірден беттерін тұмшалайды. Сені сыртыңнан айналып өткені қатты құлазытады. Сені байқай сала, бетін жабады, ал сен ештеңе істей алмайсың", -деп бастады Айчурок.

Айчурок жақында ғана бірнеше сағатын ауруханада өткізген. Бойжеткен метрода тек қысымым көтерілгендіктен, мені эвакуациялады деп күйінеді.

"Мен оларға қысымым көтерілді деп түсіндіргім келді. Бірақ барлығын ауыр қабылдады. Мені оқшаулап, медициналық арбаға салып, қоршап, ауруханаға апарды және қызыл-сары код берді. Рим ауруханаларында кодтың төрт түрі: жасыл, сары, қызыл-сары және қызылы бар", - деді қырғызстандық ару.

Бүгінде Италияда коронавирустан 7 адам қайтыс болды. Билік төтенше шаралар енгізілгенін хабарлады. "Ла Скала" театры уақытша жабылса, сәнгер Джорджо Армани жаңа коллекциясының тұсауын бос залда кесті.

"Еуроодақ Италия билігі мен олардың қабылдаған шешіміне толығымен сенеді. Біз де коронавирустың таралу ықтималдылығына уайымдап отырмыз, бірақ байбалам салудың қажеті жоқ", - деді ЕО экономика және қаржы жөніндегі комиссары Паоло Джентилони.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қытайдың Ухань қаласында 195 тұрғын COVID-19 коронавирусын қайта жұқтырған. Аурудан айыққан азаматтарда қатерлі пневмонияның неге қайта пайда болғаны белгісіз.

25 ақпанда Иран денсаулық сақтау вице-министрі коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұны дәрігер Ирадж Харирчидің өзі де растады.

Ал күні кеше Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов президентке елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Азиялықтардан қорқады": Қырғызстандық ару коронавирус өршіген Италиядағы өмірі жайлы айтты
Mailfire view pixel