RU

Жапониядан ұшып келген SCAT рейсіндегі эксклюзивті кадрлар желіде пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

26 ақпанда елордаға Жапония астанасы Токиодан ұшып келген SCAT әуе компаниясының ұшағы қонды. Жолаушылар әуе кемесінен сыртқа шыққан кезде ғана коронавирус тараған Diamond Princess круиздік лайнерден эвакуацияланған қазақстандықтармен бірге ұшып келгендерін білген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атышулы SCAT рейсіндегі эксклюзивті кадрлар желіде пайда болды

Фото: Видеодан кадр

"Хабар 24" телеарнасы ұшып келген азаматтарды алып келген ұшақ пен ауруханадан түсірілген эксклюзивтік кадрлармен бөлісті. Видеоны жолаушылардың бірі түсірген.

Кадрда қазақстандықтардың наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Олар өздеріне енді екі апта бойы оқшаулау бөлмесінде жатуы тиіс екенін ешкімнің алдын ала ескертпегеніне шағымданған.

Денсаулық сақтау минстрлігінің қаулысына сәйкес, тек Қытайдан келген азаматтар карантинге жатқызылады.

Алайда бұл жолы Жапониядан келген барлық отандастарымызды да карантинге жатқызу туралы шешім қабылданған.

Бұндай шешім қабылдауға елге келіп жеткен борттың ішінде круиздік лайнерден эвакуацияланған адамдардың болуы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін SCAT әуе компаниясы жолаушыларының вирус тараған лайнердегі қазақстандықтармен бірге ұшып келгенін жазған едік.

Кейін денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз жағдай үшін Scat әуекомпаниясының жолаушыларынан кешірім сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жапониядан ұшып келген SCAT рейсіндегі эксклюзивті кадрлар желіде пайда болды
Mailfire view pixel