RU

"Халықты ашындырмау керек": "Меломен" тобы өнердегі әріптестерін қатаң сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Меломен" тобы отандық шоу-бизнес жұлдыздарына ашулы. Олар желіде мәнсіз челендждер жасап, шетелдегі демалысымен мақтануды әдет қылған өнер иелеріне қатаң ескерту жасады. Эстрада өкілдері халықтың жағдайын біле тұра, оларды ашындырудың орнына есті дүние жасауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/melomen_official/kair_n/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/melomen_official/kair_n/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Меломен" тобының жігіттері өнердегі әріптестерінің бұл әрекетін мүлдем қолдамайтынын айтты.

"Болмайтын челлендждер бар. Бөтелке тебеді, суретке түсе береді. Мальдив аралдарына барып, үздіксіз фото бөліседі. Енді, расында ол жерге бару әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан халықты ашындырмау керек деп ойлаймын. Оның жанын біз гастрольдік сапармен есті дүние жасап, халықтың жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін көрдік" , - деді олар.

Өнер иелері бүгінде концерттер беруден бөлек, ерікті болып мұқтаж жандарға барынша көмектесіп жүргендерін алға тартты. Меломендіктер өзге жұлдыздарға мәні жоқ дүниемен айналысқанша, жақсылық жасап жарысуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Мальдив аралдарында демалып жатқан отандық жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Халықты ашындырмау керек": "Меломен" тобы өнердегі әріптестерін қатаң сынға алды
Mailfire view pixel