RU

Коронавирус Бразилияға да жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бразилияда коронавирустың жаңа түріне жасалған анализ алғаш рет оң нәтиже берді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Белгілі болғандай, жақында ғана Италияның Ломбардия облысынан келген 61 жастағы ер адам қатерлі вирусқа шалдыққан. Науқас Сан-Паулу қаласындағы "Альберт Эйнштейн" клиникасына жатқызылды. Диагнозды растау үшін оның анализ үлгілері мамандандырылған институтқа жіберілді.

Бразилия билігі ер адамның жол-жөнекей немесе көршілерінің арасында кіммен байланысқа түскенін анықтауда. Бұған дейін Сан-Паулуда коронавирус бойынша күдіктелген 26 адамның инфекция жұқтырмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта төрт адам дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.

Айта кетейік, 25 ақпанда Иран денсаулық сақтау вице-министрінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұны дәрігер Ирадж Харирчидің өзі де растаған.

Ал 26 ақпанда осы елдің парламент депутаты Махмуд Садеки коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайдың Ухань қаласында 195 тұрғын COVID-19 коронавирусын қайта жұқтырған. Аурудан айыққан азаматтарда қатерлі пневмонияның неге қайта пайда болғаны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус Бразилияға да жетті
Mailfire view pixel