Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жертөлені паналаған бес балалы жалғызбасты ана жанайқайын жеткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Өткен жылы құрылыста жұмыс істеп жүрген күйеуі үшінші қабаттан құлап қайтыс болған Ұлжалғас Таңатарова бес баласымен жертөлені паналап отыр. Кезінде вагонда 4 жыл тұрған. Көпқабатты үйден пәтер жалдауға барса, балаларымен кіргізбейді. Әр есікті қағудан амалы таусылған жас ана 5 баласы үшін ең болмаса бір бөлмелі пәтер болса дейді. Қиын жағдай қалған отбасының тағдыры туралы KAZ.NUR.KZ Baq.kz сайтына сілтеме жасап баяндайды.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz: Instagram

Жалғыз ұлының орнын басқан келіні мен артынан тұяқ болып қалған бес баланың әжесі Жайдаркүл Мұсақұлова ұлының "жұмбақ өліміне" байланысты қанша жерге барғанмен, жазған арыздары жауапсыз қалған. 

"Таңертең жұмысқа кеткен балам оралмады. 3-қабаттан бетонмен құлаған дейді. Хабарын айтып кешкі 9-да келді. Жерлеуіне 300 мың теңге берді. Жалғыз ұлымнан айырылып, есеңгіреп қалдым...
"Нұр Отанға", Ішкі істер министрлігіне арыз жазып бардым. Тергеушілерге, Бас прокуратураға бардым. Ешқандай нәтиже болмады... Артында 5 баласы қалып отыр.
Жұмыста сараптама нәтижесі баламды ішімдік ішкен деп шығарып берді. Ол алғашқы күн жұмысқа барды. Оның алдында үйде жатқан 15 күнінде ішімдік ішкен жоқ. Бұл жерде 16 жыл тұрамыз. Балалармен көшкен де оңай емес. Бұл үйдің иесі жақсы, отын-суымызды әперіп жүр. Жақсы адамдар көп қой", - деп зар жылаған Жайдаркүл Мұсақұлова бес немересінің денсаулығын уайымдайды. 
Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz
Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz: Twitter

Себебі, жертөледе тұрып жатқан балалардың жөтелі тоқтар емес. Жиі ауырып, дәріні көп ішеді. Сыйластығы жарасқан келін мен ене 5 баланың жылы үйде өскенін армандайды.

Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz
Фото: Бауыржан Жуасбаев/ baq.kz: Getty Images

Еске сал кетейік, бұған дейін Алматы облысында жалдамалы пәтері өртеніп кеткен жеті балалы отбасының далада қалғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842764-zertleni-panalagan-bes-balaly-zalgyzbasty-ana-zanajkajyn-zetkizdi-foto-video/

pixel