Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қай күні өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі сәуір айында өтетіні ресми түрде хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar: UGC

Отандық спортшының менеджері Зия Алиевтің айтуынша, кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Данияр Елеусінов оныншы жекпе-жегін 2020 жылдың сәуір айында өткізеді.

Оның кездесуі 17 сәуірде Оксон Хиллдегі (АҚШ) "MGM National Harbor" кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі америкалық Рейджис Прогрейтс пен оның отандасы Морис Хукер арасында болмақ.

Елеусіновтың шаршы алаңдағы қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, 28 жастағы қазақстандық бокшсы соңғы кездесуінде жартылай орта салмақтағы WBC Continental Americas бұрынғы чемпионы, АҚШ спортшысы Алан Санчеспен жұдырықтасты. Жекпе-жекте айқын басымдылығын көрсеткен отандасымыз қарсыласын бесінші раундта нокаутқа жіберді.

2019 жылы Данияр Елеусінов төрт жекпе-жек өткізіп үлгерді. Олардың барлығы отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елесінов көпшілікке айдай сұлу жұбайы мен ұлын көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842772-daniar-eleusinovti-kelesi-zekpe-zegi-kaj-kni-tetini-belgili-boldy/

pixel