Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде 1943 жылы із-түзсіз жоғалған кеңестік сарбаздың хаты табылды

Опубликовано:

Ресейдің Хабаровск өлкесі Ракитное ауылында Қызыл әскер жауынгері Игорь Асташиннің құжаттары мен хаты табылды. Жергілікті мәдениет үйі көрме ұйымдастырып, сарбаздың жақындарын шақырғысы келгенімен, елді мекенде оның тегі бар азаматтар жоқ болып шығыпты. Хатта көрсетілген мекенжай өзбекстандық екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasian.media сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: centralasian.media
Көрнекі фото: centralasian.media: Instagram

КСРО Қорғаныс Халық комиссариаты кадрлар бас басқармасының құпия бұйрығынан аға сержант Игорь Асташин атқыштар полкінің взвод командирі болғаны анықталды.

Ол 1943 жылы 20 жасында із-түзсіз жоғалып кеткен екен. Мәдениет үйінің директоры жергілікті өзбек диаспорасынан сарбаздың отанына сұраныс жіберуді өтініпті.

Хаттар Қиыр Шығыс ғылыми кітапханасына қалпына келтіру және цифрлау үшін жіберілді.

Олар мұқият тексеріледі, ескі жерлері нығайтылады және сканерлеуге дайындалады. Президент кітапханасының жергілікті филиалындағы сканерде арнайы цифрлау жүргізіледі. Майданнан келген жолдау өңделген соң дүниежүзілік желінің барлық пайдаланушыларына қолжетімді болады.

Хабаровсктің өзбек диаспорасы өкілдері құжаттарды Наманған облысы Орыс мектебіне жолдады. Сарбаздың анасы ұзақ жылдар аталған білім ордасын басқарған болып шықты. Бірақ ол зейнетке шыққаннан кейін байланыс үзілген. Енді Қызыл әскер жауынгерінің туыстарын Өзбекстаннан іздеп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда әскер қатарына алынғандардың кредит төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842791-resejde-1943-zyly-iz-tzsiz-zogalgan-keestik-sarbazdy-haty-tabyldy/

pixel