Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша Сауат Мыңбаевқа тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды.

Сауат Мыңбаев президентке компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Еске сала кетейік, 25 ақпанда мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кездескен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1842804-tokaev-zolausylar-tasymalyny-sapasyn-arttyru-bojynsa-sauat-mybaevka-tapsyrma-berdi/

pixel