RU

Бекшин Қытай шекарасындағы жүргізушілер қалай бақыланып жатқанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстан-Қытай шекарасындағы барлық бақылау пункттеріне өзі аралап көргенін айтты. Қытайдағы коронавирусқа қарамастан, екі ел арасында жүк тасымалдау тоқтатылмаған. Бекшиннің сөзінше, бұл қауіпті емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

біреу

Фото: primeminister.kz

Бекшиннің сөзіне сүйенсек, ол қытаймен шекаралас пункттерде жеке өзі болған. Шекара қызметіндегілер коронавирусқа байланысты сақтық шаралары туралы қаулыны алған.

Қытайлық және қазақстандық тараптар инфекция жұқтыру қаупі болмайтындай етіп, шекара аймағындағы байланыстар мен қозғалыстарды шешуі керек.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар тасымалына шектеу қойылмағандықтан, елдер арасында жүретін жүк тасымалдаушыларына қатысты арнайы шаралар қабылданды.

Бекшин жүкті тасымалдауда ешқандай қауіп жоқ деді.

"Мен онда жеке өзім болып, бәрін көрдім", - деді ол.

Қытайлық және қазақстандық жүргізушілердің бәрі Қытайға да, Қазақстанға да кірмейді. Олар "кедендік" шекара аймағында тоқтайды.

Аялдама 2-3 сағатқа созылады. Кейде жүргізушілер көліктен шықпай-ақ жүк тиейді. Бас дәрігердің айтуынша, әр жүргізушіні жергілікті жердегі медицина мамандары бақылайды.

Еске сала кетсек, 1 наурыздан бастап шетелден ұшып келген қазақстандықтарды үйлерінде оқшаулайтын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бекшин Қытай шекарасындағы жүргізушілер қалай бақыланып жатқанын айтты
Mailfire view pixel