RU

31 секундта 224 сөз: Эминем желіде жылдам рэп оқудан флешмоб бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық рэпер әрі продюсер Эминем (Маршалл Брюс Мэтерс III) әлеуметтік желіде жылдамдыққа рэп оқудан #GodzillaChallenge флешмобын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: eminem.pro

Фото: eminem.pro

Рэпер өзінің Instagram парақшасында жариялаған видеосында 2020 жылы шыққан "Music to be murdered by" альбомындағы Godzilla трегінен үзінді орындады.

Флешмобқа қатысушылардың міндеті – осы үзіндіні Эминемнен жылдам орындап беру.

Billboard басылымының мәліметінше, аталған жазбада Эминем 31 секунд ішінде 224 сөз айтып үлгерген. Ал рэпті жылдам орындауда өзінен асып түскендерге ол сый-сыйапат ұсынуға уәде берді.

Желінің көптеген қолданушылары бұл флешмобты жалғастырып, өз өнерлерін ортаға салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық хип-хоп орындаушы Канье Уэсттің Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2019 жылдың ең бай рэпері атанғанын жазған болатынбыз. Оның табысы 150 млн долларды құраған.

Белгілі болғандай, Канье Уэст Adidas компаниясымен келісімшартқа отыруының арқасында бірінші орындағы Джей-Зиді ығыстырып тастаған.

Ал әйгілі Джей-Зи 81 млн доллар табысымен екінші орынға жайғасты. Үшінші орында – Дрейк, оның табысы – 75 млн боллар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
31 секундта 224 сөз: Эминем желіде жылдам рэп оқудан флешмоб бастады
Mailfire view pixel