Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде ұшақ құлады: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

26 ақпан күні түсте Шығыс Қазақстан облысы орталығының әуежайы маңында АН-2 ұшағы құлады. Апаттық қону кезінде оның қозғалтқышы өртенген. Нақтыланған деректер бойынша, бортта 4 адам болған. Қазір олардың қандай жағдайда екені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: ІІМ ТЖК. Көрнекі фото: NUR.KZ
Оқиға орны. Фото: ІІМ ТЖК. Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ұшу кезінде командирге аэродромнан тыс жерде амалсыз қонуға тура келгенін мәлім етті. Анықталғандай, төтенже жағдайдан кейін ұшқышқа дәрігерлердің көмегі қажет болған.

Сондай-ақ Tengrinews.kz ақпарынша, ұшақ бортында екі дәрігер мен екі ұшқыш болған. Олар науқасқа қарай бара жатқан. Төртеуі де жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бортта бес адам болғаны, олардың үшеуі – экипаж мүшесі, екеуі – қызметтік жолаушы екені хабарланған.

Апаттық жағдайда қонған ұшақтың "Орлан 2000" әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Ол Өскемен – Ақсуат бағытында санитарлық тапсырма бойынша рейс орындаған.

Оқиға Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде орын алды. Командир әуе кемесін шұғыл жерге қондыруға шешім қабылдаған.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда ұшақтан қызыл жалын мен түтін шығып жатқаны байқалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842838-skemende-sak-klady-zardap-sekkenderdi-zagdajy-belgili-boldy/

pixel