RU

Ломбардтарды жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері заң алдында жауап бере ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

ІІМ ломбардтарды жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері заң алдында жауап беретінін айтты

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Оның айтуынша, эстрада жұлдыздары мен блогерлерден жауап алу жақын арада басталады.

"Жарнама туралы заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Бірақ бұл жауапкершілікті де анықтау керек. Біздің шоу-бизнес, эстрада жұлдыздарымыз қылмыстық іс-әрекетті жарнамалай отырып, ақшаны алдап алу мақсатында құрылған қылмыстық ұйымдардың жұмысын жарнамалайтынын білуі тиіс", - деді Санжар Әділов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Ал "Гаранттың" 27 жастағы иесі Аслан Мырзабеков қазір өзге елде бас сауғалап жүр. Желіде оның халыққа жолдаған видеоүндеуі пайда болды.

Сондай-ақ, әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін, халықтан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ломбардтарды жарнамалаған шоу-бизнес өкілдері заң алдында жауап бере ме
Mailfire view pixel