RU

"Зорлық белгілері бар": СҚО-да пакеттен нәрестенің денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған қыз баланың денесі табылды. Белгілі болғандай бүлдіршіннің денесінен зорлық белгілері анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ға сілтеме жасап.

СҚО-да пакеттен нәрестенің денесі табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2020 жылдың 25 ақпанында СҚО-ның Тайыншы ауданының полиция бөлімшесіне аудандық ауруханадан Обуховка ауылында нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жедел тергеу тобы оқиға болған жерді тексеру барысында ауладағы қора-қопсылардың арасынан зорлық белгілері бар жаңа туған қыздың өлі денесі салынған пакетті тапты. Материал ҚР ҚК-нің 100-бабы "Анасының жаңа туған баласын өлтіруі" бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті - 1992 жылы туған жергілікті тұрғын. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Өлім себебін анықтау үшін жаңа туған нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 14 жастағы жасөспірімнің анасы қызының ессіз күйде қоқыс маңайынан табылғанын мәлімдеді.

Әйел адам қызды әлде біреулер зорлаған немесе зорлауға тырысқан деп қауіптеніп отырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842867-zorlyk-belgileri-bar-sko-da-paketten-nresteni-denesi-tabyldy.html