Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңгелерді қорлады": Ас үйдегі келіншектерді өсекшіге теңеген Шах-Керімнің басы дауға қалды

Опубликовано:

"Қалаулым сен" бағдарламасының редакторы Шах-Керім Карменов Instagram парақшасында өзіне қатысты пікір айтқан жігіттерді қазақтың өсекші жеңгелеріне теңеген еді. Редактордың аңдамай сөйлеген сөзі адамдардың наразылығын тудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жеңгелерді қорлады": Ас үйдегі келіншектерді өсекшіге теңеген Шах-Керімнің басы дауға қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Танымал тележүргізуші, әзілкеш Нұрболхан Шарапов "Разоблачение" бағдарламасында Шах-Керімнің соңғы видеосына тоқталып, біраз мәселелерді тарқатуға тырысты.

Нұрболхан бағдарлама барысында жоба редакторының сөзіне шамданып, арнайы видеоүндеу жолдаған жеңгелердің видеосын ұсынды.

"Қазақтың екі азаматы деп аузыңыздан сол сөзді шығарып, артынша қазақтың жеңгелерін қорлайтын кімсіз? Мысал келтіретін басқа нәрсе таппай қалдыңыз ба? Неге бүкіл жеңгелерге құм шашасыз? "Қалаулым" сіздікі, бізге қатысы да қызығы да жоқ. Сол жеңгелер шығар сіздің бағдарламаңызды көріп, рейтингіңізді көтеріп отырған", - деді ару.

"Аналайын, қазақтың жеңгелерін қорлап, намысына тиіп нең бар? Олардың балапандары, жұмыстары бар", - деді тағы бір жеңгелердің бірі.

Аңдамай сөйлеген жүргізушінің сөзіне ашынған ер азаматтарымыз да табылды. Олардың бірі видеоүндеу жолдап, жеңгелерді қорлаған "Қалаулым" жобасының редакторының кешірім сұрауын талап етті.

"Жеңгелерімізді ас үйдегі өсекішлерге теңегеніңіз дұрыс болмады. Кешірім сұраңыз. Әр үйде жеңігеміз, келіндеріміз бар", - деп видео жолдады ер адам.

Нұрболхан аталған видеоларды оған көптеген адамдар жібергенін сөз етті. Сондай-ақ, тележүргізуші бағдарламасына бола жездесінен айырылғанын айтқан Шах-Керімге сауал қойды.

"Ашынған жеңгелеріміздің видеосы маған интернеттен келіп жатты. Оны соңына дейін көріп шықтым. Мен айтайын, Шах! Сенің анаң, қарындасың, әйелің бір үйге жеңге емес пе сонда? Олар да өсекші болып тұр ғой сонда, иә? Жігіттеріміздің емес, жеңгелеріміздің намысына тиіп оянғаны қынжылтады.

"Жездеңіз біздің сұқбатты көріп, о дүниелік болып кетпеген шығар. Әрине, Жаны Жәннатта болсын! Жездеңіздің өлімін неге ол видеоға қосқаныңызды түсінбедім.

Сенің бізді кешіргенің түкке керегі жоқ. Сен оданда жеңгелерімізден кешірім сұра", - деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңзіге сала кетейік, "Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы әзілкеш Нұрболхан Шараповқа сұқбат беріп, жоба мен оның редакторы жайлы біраз шындықтың бетін ашқан еді.

"Қалаулым сен" бағдарламасының редакторы Шах-Керім Карменов жеке парақшасында өзін "өсектеген" жігіттерге жауап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842870-zegelerdi-korlady-as-jdegi-kelinsekterdi-seksige-teegen-sah-kerimni-basy-dauga-kaldy/

pixel