Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы операция: Алматыда есірткі сатқан ағайындылар қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Алматыда арнайы операция барысында есірткі саудасымен айнаыслқан Жамбыл облысы Шу ауданының екі тұрғыны ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos
Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, ұсталғандар есірткі сатушылар тізбегінің соңғысы болып табылады.
Қылмыскерлердің бұрынырақ та ұсталғаны анықталды, деп жазады Polisia.kz.

Тінту жұмыстары барысында ағайындылардан өсімдік тектес заттар табылған.

Мамандар тәркіленген заттың гашиш екенін анықтады. Оның салмағы 12 келі 881 граммды көрсетті.

Одан бөлек, ұсталғандар жалға алған үйден есірткі өндіруге арналған жабдықтар табылған.

Алмагамбетовтың айтуынша, өсімдік тектес заттар плиткалар түрінде сатылған. Осы плиткалардың 85-і күдіктілерден алынды.

Полиция қызметкерлері гашишті Шу ауданынан келген ағайындардың алып келгенін анықтады.

Олар оңтүстік астанада заңсыз әрекеттерін жүзеге асырғысы келіпті.

Осы іске байланысты тергеу басталды.

Полицияның болжауынша, аталған іске қатысы барлар ұзақ уақытқа темір торға тоғытылады.

Еске сала кетейік бұған дейін Қарағандыда есірткі сатты айыпталған мұғалімнің 11 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, тәртіп сақшылары тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды саудалағанын анықтаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842871-arnajy-operacia-almatyda-esirtki-satkan-agajyndylar-kolga-tsti-video/

pixel