Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "Estate Ломбард" басшысы қамауға алынған сәттің видеосы жарияланды

Опубликовано:

Шымкенттік полицейлер "Estate Ломбард" компаниясының жергілікті өкілі қолға түскенін хабарлады. Құқық қорғаушылар арнайы операция барысында түсірілген видеоны көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

директор
Видеодан кадр: Facebook

Полиция департаментінің ақпаратынша, "Estate" және "Гарант 24" ломбардтарының салымшылары полицияға арызданған соң филиал басшысы ұсталған.

Шымкентте тергеу қаржы пирамидасын құрып, оған жетекшілік ету бабы бойынша жүргізілуде.

Полицияның хабарлауынша, "Estate Ломбардтың" өңірдегі басшысы қолға түскен. Одан бөлек, "Гарант 24 Ломбард" жетекшісін ұстау шаралары жүзеге асырылуда.

Тәртіп сақшылары ұсынған роликте құлыптаулы есікті ашу үшін құтқарушыларды шақырғаны көрінед.

Полицейлер айғақ зат ретінде компьютерлер мен құжаттарды алған.

Содан соң кадрда ұсталған директордың қолына кісен салынғанын, артынша күдіктен сұрақ-жауап алынғанын көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Ал "Гаранттың" 27 жастағы иесі Аслан Мырзабеков қазір өзге елде бас сауғалап жүр. Желіде оның халыққа жолдаған видеоүндеуі пайда болды.

Сондай-ақ, әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін халықтан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842874-symkentte-estate-lombard-bassysy-kamauga-alyngan-stti-videosy-zarialandy/

pixel