RU

ШҚО-да әкесімен бірге снегоходпен сырғанаған сегіз жасар қыз қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында әкесі мен қызының "снегоходпен" сырғанауының соңы қайғыыл жағдаймен аяқталды. Ер адам тізгінге ие бола алмай, салдарынан бала қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

сегіз жасар

Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі аталмыш оқиғаның қалай болғанын айтты. Тәртіп сақшылардың хабарлауынша, Глубовский ауданының полициясына снегодпен болған төтенше жағдай туралы хабарлама осы жылдың 5 ақпанында, шамамен кешкі сағат 21:00-де түскен.

35 жастағы ауыл тұрғыны Мало-Убинка елді-мекені маңында Yamaha маркалы снегоходпен сырғанаған. Ер адаммен бірге оның кәмелетке толмаған қызы да болған.

Ер адам транспорттық құралдың тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан 2012 жылы туған қыз дене жарақаттарын алыпты. Жарақаты ауыр болғандықтан, жасөспірім оқиға орнында қайтыс болғанн.

Полицияның айтуынша, болған оқиғаның нақты мән-жайы әзірге анықталу үстінде. Тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетсек, бүгін Өскемен әуежайы маңында ұшақ құлады. Бортта болған екі ұшқыш пен екі дәрігер жеңіл жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген. АН-2 ұшағы санитарлық рейс орындамақ болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да әкесімен бірге снегоходпен сырғанаған сегіз жасар қыз қайтыс болды
Mailfire view pixel