Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан билігі Оңтүстік Кореяға жасалатын рейс санын қысқартты

Опубликовано:

Оңтүстік Корея мен Ирандағы коронавирустың ушығуына байланысты Қазақстан билігі қауіпті індеттің ел аумағында таралуының алдын алу үшін шаралар қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

корея
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ведомствоаралық комиссияның шешімімен коронавирус инфекциясын Қазақстан аумағында таратпау үшін 2020 жылдың 1 наурызынан бастап төмендегідей тәртіппен рейстер саны қысқартылады:

Air Astana:

  • Алматы-Сеул - аптасына бес рейстен бір рейске дейін;
  • Нұр-Сұлтан-Сеул - аптасына екі рейстен бір рейске дейін.

Asiana Airlines:

  • Алматы — Сеул — аптасына екі рейстен бір рейске дейін;

Mahan Air:

  • Алматы — Тегеран — рейстер тоқтатылады.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Оңтүстік Корея мен Иран жаңа коронавирусқа байланысты әлемдегі "қолайсыз елдер" арасында бірінші топқа еніп отырғанын мәлімдеген еді.

Жандарбек Бекшиннің түсіндіруінше, елімізден Кореяға апта сайын 9 рейс ұшады. 1 наурыздан бастап олардың саны үшке дейін қысқарады.

Айта кетейік, 25 ақпанда Иран денсаулық сақтау вице-министрінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұны дәрігер Ирадж Харирчидің өзі де растаған.

Ал 26 ақпанда осы елдің парламент депутаты Махмуд Садеки коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842889-kazakstan-biligi-otstik-koreaga-zasalatyn-rejs-sanyn-kyskartty/

pixel