Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева: Бәрі мен сияқты "стерва" емес

Опубликовано:

Танымал отандық әнші хайп деп жүріп, өзгені айыптап жіберетін жандарды сынның астына алды. Ол журналистерге жауап беру кезінде Жанар Хамтованың өмірін мысалға келтірді. Өнер иесінің сөзінше, әншінің өліміне рейтинг қуғандардың да кінәсі бар деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап.

"Мен сияқты стерва емес": Меруерт Түсіпбаева Хамитова туралы пікір білдірді
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva: UGC

Мерует Түсіпбаева тілшілерге берген сұқбатында Жанар Хамитованың өлімін тілге тиек етті.

"Жанар Хамитова не болды? Жанар, Жанар деп бағдарламаға түсірді. Мені де қатыстырды. Бағдарламаға бір жігітті әкелді. Ол "Жанар мені өйтіп кетті де сөйтіп кетті деп түртпектеді. Артынша Нұржанмен не болдың" деген әңгімелер қозғала бастады.
Соның барлығы Жанарға әсер етті. Сол үшін рейтинг қууға болмайды. Бәрі мен сияқты стерва емес", - деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желілерде әр қадамын жариялап отыратын әріптестерін қатаң сынға алды.

Сондай-ақ, әнші бұған дейін келінінің табысына ортақтасатын енелерге шүйліккен еді.

Өнер иесі мұндай әрекеттің барып тұрған адам құқығының бұзылуы екенін айтты. Өнер иесі осыған ұқсас мәселелерге тап болған әйелдер желіде өзінен ақыл-кеңес сұрап, жүгініп тұратынын да жасырмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842890-meruert-tsipbaeva-bri-men-siakty-sterva-emes/

pixel