RU

Түркістан облысында 18 жасар қыз су таситын көліктің астында мерт болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде су таситын көліктің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан қызды басып кеткен видеосы тарап жатыр. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

18 жатсағ

Видеодан кадр

Оқиға 24 ақпанда, таңғы уақытта Жетісай-Жібек жолы тас жолында болған. Роликтегі кадрларда бірнеше адамның жолдан өткені, бір мезетте су таситын көліктің жаяу жүргіншілердің біреуін басып кеткені көрінеді.

Полицияның айтуынша, апаттың салдарынан 18 жастағы қыз зардап шекті. Оны жақын жердегі аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Алайда қыздың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Polisia.kz жазуынша, жас қыз алған жарақаттарынан көз жұмған. Жасалған сараптама нәтижесі су таситын көліктің жүргізушісі мас болмағанын көрсеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабына сәйкес тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында “Қарабұтақ–Қостанай” тас жолында адам шығынымен аяқталған жол апаты орын алғаны хабарланды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 13: 00-де ­Өлке кенті ауданындағы “Қарабұтақ-Қостанай” тас жолында жол-көлік апаты салдарынан 4 адам қаза тапқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында 18 жасар қыз су таситын көліктің астында мерт болды (видео)
Mailfire view pixel