Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төлешовтің әйелдері мен қыздары сыра зауытынан миллиондар талап етуде

Опубликовано:

Шымкенттің Еңбекші аудандық сотына "сыра королі" Тоқтар Төлешовтің әйелдері мен қыздарынан арыз түсті. Олар бұрын олигархқа тиесілі болған кәсіпорыннан өздерінің жалақыларын өндіріп алуға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқтар Төлешов пен қызы Севиль. Фото: otyrar.kz
Тоқтар Төлешов пен қызы Севиль. Фото: otyrar.kz: UGC

Атап айтқанда, "Дархан Group" жауапкершілі шектеулі серіктестігінің үстінен Есенбаева Назия Жаңабаевна, Төлешова Айткүл Тоқтаровна, Жорабаева Оразкүл Құлманжановна, Сауқымбекова Сәуле Қамытбековна, Нұралиева Дина Нүркеновна және Төлешова Севиль Тоқтаровна арыз түсірген.

Олардың барлығы өз жалақыларын өндіріп беруді талап етуде.

Арыз берушілер – аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жүрген Тоқтар Төлешовтің әйелдері мен қыздары.

Айта кетейік, "Дархан Group" ЖШС 2017 жылы Төлешовтің тұтқындалуына дейін "сыра империясының" басты кәсіпорны болған.

Бұған дейін компанияның шоттары тұтқындалған еді, бірақ кейіннен кәсіпорын қызметін қайта жалғастырды.

Арызданушылардың сөзіне қарағанда, барлығы да сол кәсіпорында жұмыс істеген. Айтуларынша, 2019 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша олар миллиондаған сома табыс тапқан, кәсіпорын ақшаларын төлемеген. Жалпы қарыздың мөлшері 100 миллион теңгеден асады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқтар Төлешовтің сенімді өкілі арқылы өзінің бұрынғы кәсіпорнының үстінен талап арыз беріп, олардан 260 миллион теңге өндіріп алуды көздейтінін жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842908-tlesovti-jelderi-men-kyzdary-syra-zauytynan-milliondar-talap-etude/

pixel