Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ахметовтің туысын ұрлауға әрекеттенгендер 200 млн теңге талап етпек болған

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтің қарындасын ұрлауға әрекеттенген адамдардың шенеуніктен қанша ақша талап етуді көздегендері белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Даниял Ахметов. Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. Гүлфаз Аубанова. Фото: "Окрыленные женщины Казахстана" кітабынан (artstatus-kniga.kz)
Даниял Ахметов. Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. Гүлфаз Аубанова. Фото: "Окрыленные женщины Казахстана" кітабынан (artstatus-kniga.kz): Facebook

Қазіргі уақытта аталған істі Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Өңірдегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директоры мен күзетшісі сот алдында жауапқа тартылды.

Істің материалдарына сәйкес, оларға үш бап бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, қылмысқа әрекеттену, аса ірі көлемде ақша бопсалау және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қару қолданып адам ұрлау.

Жәбірленуші – Павлодар тұрғыны Гүлфаз Аубанова. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниял Ахметовтің қарындасы.

Айыптау актісінде айтылғандай, бес жыл бойы (2013-2018 жылдар) кәсіпорын басшысының кредит бойынша 360 млн теңге қарызы болған. Соны төлеу қажеттілігіне байланысты қиындықтар туындаған.

Осы мәселені шешу үшін қызметкерімен бірге жоғары лауазымды шенеуніктің туысын ұрлап кетіп, оны босату үшін 200 млн теңге талап етуді көздеген. Алайда, ойлаған әрекеттері іске аспаған. Енді екеуі де 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 18 қыркүйекте белгісіз біреулер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлфаз Кенжетайқызын Павлодардың ортсындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған. Абырой болғанда, ол қашып құтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842913-ahmetovti-tuysyn-rlauga-rekettengender-200-mln-tege-talap-etpek-bolgan/

pixel