RU

Үндістанда бір жасар бала мен иттің үйлену тойы өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үндістанның Орисса штатында ата-анасы бір жасар баланы итке үйлендірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

индияда

Фото: Kalinga TV

Басылымның жазуынша, бір жасар баладан зұлым күштерді қуу үшін оны итке үйлендірген.

23 ақпанда әлеуметтік желілерде Бариян ауылының тұрғындары бір жасар бала мен иттің тойын тойлап жатқан сәтінен кадрлар жарияланды.

Видеода адамдардың той костюмдерін киіп, "жас жұбайлардың" айналасында би билеп жатқандары көрінеді.

Дәстүр бойынша, бұл рәсім баланың алғаш рет тісі жарған кезде жасалады. Жергілікті тұрғындар бұл зұлым күштерді қуады деп сенеді. Сол себепті олар балаларын итке үйлендіріп, бөбектерін жын-шайтандардан сақтайды.

Ауыл ақсақалдарының айтуынша, мұндай тойлар - тек рәсім ғана. Сондықтан бала өскеннен соң итпен ажыраспай-ақ адам баласымен некеге тұра алады.

Еске сала кетсек, әлем халықтары ұсынатын ең қызықты той дәстүрлері туралы жазған едік. Мәселен, Ұлыбританиялық қалыңдықтар жолдасының отбасының алдында өзінің қаншалықты мықты екенін көрсетуі керек. Бойжеткеннің қолына ауыр сандық беріледі. Егер қалыңдық оны көтеріп тұра алмаса, онда ол жалғыздық үшін жаралған деп есептеледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үндістанда бір жасар бала мен иттің үйлену тойы өтті
Mailfire view pixel