RU

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару: Агапова келісім-шартқа қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аралас жекпе-жек бойынша ММА спортшыларының қатарына енген Қазақстан чемпионы Мария Агапова UFC-мен келісім-шартқа отырды. Аталған ұйым әлемдегі ең ірі ММА промоушен болып табылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық қыз UFC спортшысы атанды

Фото: instagram.com/mma.mashka

Бойжеткен қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

Ол армандарының орындалғанын жазды. Мария мойымай, UFC жұлдызы атануына барынша үлес қосқан жандарға алғысын білдірді.

Спортшы ару бір кездері үміті үзілгендей болғанын, алайда артқа шегінбей, жаттығуларға баруын жалғастырғанын айтты.

Мария өзіне ақшалай көмек көрсеткен жанкүйерлеріне ерекше алғыс білдірді.

Желідегі оқырмандары Агапованы жарыса құттықтауда.

Олардың арасында танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова да бар. Ол отандасына мақсатына қарай қадам баса беруін тіледі.

Sports.kz басылымының мәліметінше, қазақстандық спортшы промоушенге өткен жылдың жазында өтуі мүмкін еді. Алайда оның мансабындағы алғашқы жеңіліс оны UFC-ден алшақтатты.

Ол кезде Мария америкалық спортшы Трэйси Кортестен жеңіліп қалды. Атап өтілгендей, сол жекпе-жекте жеңіске жеткен ару Абсолютті жекпе-жек чемпионатында сәтті дебют алды.

Алайда кейінірек Мария Бразилия мен АҚШ-тан келген екі қарсыласын жықты.

Айта кету керек, ол екеуін де бірінші раундта жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы UFC-дің назарын өзіне аудара алды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандағы ММА турнирі жанкүйерлердің төбелесімен аяқталғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару: Агапова келісім-шартқа қол қойды
Mailfire view pixel