Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серікбол Сайлаубек: Көзім көрмей қалғанда маған ешкім келген жоқ

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек басына қиын жағдай түскенде дос деп санап жүрген адамдардың қасынан табылмағанын айтты. Өнер иесі көзі көрмей қалғанда олардың біреуі де келіп қалын сұрамаған болып шықты. Шоу-бизнес жұлдызы туған бауырындай болып кеткен жандар өзін керек етпегенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Серікбол Сайлаубек басына ауыр күн түскенде әдетте жанынан шықпай жүретін "ауқатты достары" бір мезетте жоқ болып кеткенін жеткізді.

"Джиппен жүретін достарым көп. Көзім көрмей жатқан кезде, бірақ оның біреуі де келмеді ғой. "Жақыным, сен үшін бәріне дайынбыз" дегендер көп болды. Алайда, осындай сынаққа түсіп қалған кезде біреуі жоқ қой" , - деді өнер иесі.

Той-бизнесте жарқырап тұрған әнші бұл ауыр жағдай оның көзін ашып, кімнің шынайы дос екенін көрсеткен. Бүгінде ол айналасында тек сенімді адамдар қалғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Серікбол Сайлаубек намаз туралы сұраққа жауап бермейтінін айтқан болатын. Әнші ол өзінің жеке шаруасы болғандықтан, ьұл тақырыпты өзгелермен талқылауға қарсы екенін білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842982-serikbol-sajlaubek-kzim-krmej-kalganda-magan-eskim-kelgen-zok/

pixel