RU

ШҚО-да балалар мінген автобус апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар (видео)

Шығыс Қазақстан облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан 8 жасөспірім жарақат алды. Қоғамдық көліктің ішінде жарысқа бара жатқан балалар болғаны анықталды деп хабарлайыды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол көлік оқиғасы Прапорщиково елді мекені маңында болғанын хабарлады. Бұл ауыл Глубокое ауданында орналасқан, деп жазады YK-news.kz.

Балалар Шығыс Қазақстан облысының орталығынан Шемонаиха ауданына қарай спорт жарысына қатысу үшін шыққаны белгілі болды.

Олардың полиция қызметкерлері ертіп жүрген.

Алдын-ала болжам бойынша, автобус жүріп келе жатқан уақытта кенеттен жолдың қарсы бетінде келе жатқан Howo жүк көлігі шығып, транспорттар соқтығысыпты.

Оқиға орнына дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген. Жол көлік апаты салдарынан зардап шеккен 8 жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.

Қоғамдық көлікте 53 адамның болғаны, олардың 46-сы балалар екендігі анықталды.

Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда дәл осы Ақтөбе облысы Қарабұтақ-Қостанай тас жолында жантүршіктірерлік жол апаты орын алып, төрт шетелдік азамат көз жұмған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1842983-sko-da-balalar-mingen-avtobus-apatka-syrady-zardap-sekkender-bar-video.html