RU

Коронавирус: СІМ Қазақстан азаматтарынан шетелге шығуды азайтуды сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел тұрғындарын шетелге шығудан бас тартуға шақырды. Бұл қытайлық коронавирус тіркелген елдер санының артуымен байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

виппп

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.

Ол қазақастандықтардан мүмкіндігінше шетелге шығуды қысқартуларын сұрады. Смадияров Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

СІМ өкілінің айтуынша, мұндай шаралардың қабылдануына коронавирустың таралу аумағы күн сайын ұлғайып жатқандығы себеп болған.

Еске сала кетсек, кеше еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 1 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирус дертінен қорғайтын жаңа қаулы күшіне енетінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, көктемнің алғашқы күнінен бастап Оңтүстік Кореядан, Италиядан, Жапониядан және Ираннан Қазақстанға келгендер 14 күн бойы үйде оқшауланатын болады.

Сондай-ақ Қазақстан билігі коронавирус кең тараған Оңтүстік Кореяға жасалатын рейс санын қысқартты. Ал, Иранға ұшатын рейстер тоқтатылды.

Жандарбек Бекшин Оңтүстік Корея мен Иран жаңа коронавирусқа байланысты әлемдегі "қолайсыз елдер" қатарында бірінші топқа жататынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: СІМ Қазақстан азаматтарынан шетелге шығуды азайтуды сұрады
Mailfire view pixel